«Қыз қылығымен көрікті» (клубтық жұмыс)

Дата: 2020-12-21 19:11:54
«Қыз қылығымен көрікті»  (клубтық жұмыс)

«Қыз қылығымен көрікті» (клубтық жұмыс) Желтоқсанның 21 күні «Сырлас» аналар мектебінің ұйымдастыруымен «Қыз қылығымен көрікті» атты тақырыпта клубтық тренинг өткізілді. Мақсаты: қыздармен әңгімелесе отырып, ар - намысын, сұлулығын жоғары қоя біліп, жұрт алдында абыройлы болуға тәрбиелеу. Салауатты өмір салтын қалыптастырудағы ой-өрісін дамыту, зиянды әрекеттерге еліктеудің, қызығудың өмірлеріне қауіп тудыратынын ескерту біздің басты мақсатымыз болды. Тренинг барысында қыз балаларға өз бойынан өмірді қолдануға қажетті жағымды қасиеттерін табуға көмектесу мақсатында «Амандасу» тренингі өткізілді. Тренинг барысында қатысушылар өз ойларын толық формада жеткізе алды. Бұл тренингте қыздар бір-бірімен жақсы қарым – қатынаста болғандарын айтып, жанындағы дос қыздарының мінездерін білді. Қыздар тренингке белсене қатысып жақсы әсер алғандарымен бөлісті. Тренинг қыздардың көңіл – күйлерін көтерді. Әр оқушы бойында сенімділік пайда болды.