Қалалық "Жыл мұғалімі -2020" байқауының 2- кезеңі

Дата: 2020-11-12 23:12:05
Қалалық

  Қалалық "Жыл мұғалімі -2020" байқауының 2- кезеңі Қалалық "Жыл мұғалімі -2020" байқауының 2- кезеңі бойынша 2020 жылдың 12 қараша күні «Балқаш қаласы Абай атындағы №2 лицей» КММ- нің физика пәні мұғалімі Ж.Т.Рахимова 8 А сыныбымен "Табиғат-адамзатқа аманат" тақырыбында эко-квест өткізді. Мақсаты: табиғатқа ұқыпты қарауға тәрбиелеу; оқушылардың белсенді өмірлік ұстанымын, қоршаған ортаға ұтымды және ұтымсыз қатынасын қалыптастыру; экологиялық таным көкжиектерін кеңейту. Оқушылар квест барысында әртүрлі қоқыс түрлерін дұрыс сұрыптау арқылы, табиғатқа айтарлықтай пайда келтіруге болатынына көз жеткізіп, экологиялық танымдарын кеңейтті.