«Өнегелі өмір» жобасы аясында 9-сынып оқушыларымен кездесу

Дата: 2020-10-29 08:58:20
«Өнегелі өмір» жобасы аясында 9-сынып оқушыларымен кездесу

2020 жылдың 28 қазанында Балқаш қаласы Абай атындағы №2 лицейде «Өнегелі өмір» жобасы аясында 9-сынып оқушыларымен кездесу өткізілді. Кездесуге қалалық мәслихаттың 5 шақырылымының депутаты, қалалық қоғамдық кеңес мүшесі, Балқаш қаласының №1 емханасының басшысы Тусупбеков Серикбол Джаханогвич қатысып, кәсіби тәжірибесімен бөлісті. Кездесу соңында, дәрігер маман елімізде болып жатқан пандемияға тоқтала кетіп, жұқпалы аурудан сақтанып жүрудің жолдары бойынша кеңес берді.

Қаламыздың қоғамдық өмірі мен медицина саласының дасмуына адал еңбегімен зор үлес қосқан  өнегелі тұлғамен өткізілген кездесуде оқушылар құнды ақпарат алып, Серікбол Джаханұлына алғыстарын білдірді.