Лицейімізде қазанның 5- 10 қазан күндері аралығында жоспар бойынша әр сыныпта сыныптан тыс іс- шаралар өткізілді.

Дата: 2020-10-13 08:49:36
Лицейімізде қазанның 5- 10 қазан күндері аралығында жоспар бойынша  әр сыныпта сыныптан тыс іс- шаралар өткізілді.

Қазанның 5- і күні берілген жоспарға сәйкес экология бағытындағы тақырыпқа сай сынып сағаттары өткізілді. Өзін – өзі тану пәнінің мұғалімі К.М.Байкулова  қазанның 6-сы күні зуум платформасы арқылы  5- 8- сынып оқушыларымен «Үлкен жүрек»  акциясын өткізді. Бастауыш сыныптардың оқушылары «Аяулы күз, алтын күз!»  тақырыбында  қолөнер бұйымдарын жасап әкеліп, сынып кабинеттерінде  көрме  ұйымдастырды.  7- 10- сыныптардың сынып жетекшілері онлайн форматта зуум платформасы арқылы  «Жасөспірімдердің қоғамдық ортамен қарым – қатынасындағы  өзекті мәселелер» тақырыбында онлайн танымдық сағаттарын өткізді.