Ата-аналар мен оқушылар назарына!

Дата: 2020-04-29 11:13:18
Ата-аналар мен оқушылар назарына!

Құрметті оқушылар!

-Лицейдің сайттарында жарияланған негізгі пәндерден онлайн сабақтарды

  мұқият қадағалап, белсенді қатысушысы бола біл;

-Пән мұғалімдерінің берген барлық тапсырмаларын уақытында орындауға тырыс;

-Онлайн семинарларға, олимпиадаларға, түрлі интернет жарыстарға қатысуға

  таптырмайтын мүмкіндікті жіберіп алма;

- Лицейдің “Кітап – білім бұлағы” жобасы аясында берілген әдеби кітаптарды оқы;

-Көктемгі демалыс нәтижесінде лицейде өтетін дәстүрлі “Әдеби жарнамада” өзің      

  оқыған кітаппен бөлісуге тамаша мүмкіндік аласың.

 

Құрметті  ата – ана!

-Балаларыңыздың көктемгі демалысты жан – жақты,  өзіне пайдалы өткізуіне ықпал жасаңыз;

-Балаңызды адам көп жиналған (дүкенге, кинотеатрға, базарға т.б.) жерлерге  жұмсамаңыз;

-Жеке басының гигиенасына аса көңіл аударыңыз.