ЖББ №25 орта мектебі бойынша 2018-2019 оқу жылында 6 ақпан мен 16 ақпан аралығында «Бақытты балалық шақ» акциясының өткізілуі бойынша анықтама мен фотоесеп

Дата: 2019-02-19 14:16:40

          Білімділік мақсаты: Балалардың бойында жақсы әдетті қалыптастырып, жаман әдеттен аулақ жүруге, әрдайым жақсылық жасауға тәрбиелеу;

       Тәрбиелік мақсаты:Жақсы қасиеттерді бойына сіңіріп, адамгершілікке, мейірімділікке тәрбиелеу;

            ЖББ №25 орта мектебінде 2018-2019 оқу жылының 6 ақпаны мен 16 ақпаны аралығында «Бақытты балалық шақ» акциясы өткізілді.

5 ақпан күні іс-шара жоспары жасалынып, 1-10 сыныптың оқушылары мен сынып жетекшілеріне таныстырылды.

6 ақпан күні 1-10 сыныптың оқушыларына «Бақытты балалық шақ» тақырыбында бейнероликтер көрсетілді.

8 ақпан күні 5-6  сыныптар арасында «Біз бақытты баламыз» тақырыбында шығарма жазды.

12 ақпан күні мектеп кітапханасына «Біз бақытты баламыз» тақырыбында  көрмені Б.К.Қазбекова ұйымдастырды.

14 ақпан күні 1-4 сыныптар арасында «Бала күлкісі әлемнің көркі» тақырыбында шағын сайыс ұйымдастырылды.

15 ақпан күні 9-10 сыныптар арасында «Бала еңбегінің ең нашар түрлері » тақырыбында мектебіміздің психологы тренинг өткізді. Өткізілген іс-шара қортындыланды.