Ұлттық валюта күні
Дата: 2023-05-10 17:38:31
Мектебімізде 14.11.22 күні — Ұлттық валюта күніне орай 1-11 сыныптарында «Ұлттық теңге – ел тәуелсіздігінің символы» тақырыбында сынып сағаттары өтті. Ұлттық валюта Теңге тәуелсіздіктің экономикалық негізі, егемендіктің нышандарының бірі болып табылады. Жеке ақша бірлігін енгізу тәуелсіз экономикалық және ақша-несие саясатын жүргізуге мүмкіндік берді. Ақша-несие саясатының негізгі мақсаты ұлттық валютаның ішкі және сыртқы тұрақтылығына қол жеткізу болып табылады. Сынып сағатының мақсаты: Қазақстанның ұлттық ақшасына көшу тарихы, оның маңызын түсіндіру. Төл теңгенің тарихы, өз ұлттық теңгеміздің айналымға кіруі, қалай, кімдер жасағаны туралы мағлұмат беру.