Размер шрифта:

Адалдық дүкені

Дата: 2022-09-14 12:47:54

«Адалдық» дүкені адалдыққа шақырады. «Адалдық алаңы» жобасы аясында бүгін мектеп қабырғасында "Адалдық дүкені" жұмысын жалғастыруда. Оның негізгі мақсаты: қандай істе де адал болу, адамдардың бір-біріне деген сенімділіктерін арттыру, жемқорлыққа қарсылық мәдениетін дамыту, адамдыққа тәрбиелеу. «Адалдық дүкенінің" өзгешелігі сол, мұнда еш дүкенші болмайды. Әрбір адам өзіне қажетті затын алып, оның ақшасын арнаулы касса жәшікке салып кетеді. Бұл адам бойында тазалық, адалдық, жауапкершілік қасиеттерін көбірек сіңіруге себеп болмақ. Бүгінгі күнде мектебіміздегі «Адалдық дүкенінің – білім алушыларымыз үшін нағыз тәрбие мекені болатынына сеніміміз мол.