Отырысқа қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі қатысты
4 наурыз күні Қарағанды облысының білім беру ұйымдарында ХХғасырдың көшін бастаған ұлы тұлғалардың бірі Ахмет Байтұрсыновқа арналған «Алаштың Ахметі» облыстық құрылтайы өтті. Құрылтай академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университетінің оқытушылары мен Ахмет Байтұрсынов атындағы мектеп гимназиясының директорының қатысуымен өтті. «Тұлғатану» ғылыми –зерттеу орталығының директоры, доцент Нұрсахан Ахметқызы Бейсенбекова Ахмет атамыздың рухани көсем ретінде қазақ қоғамындағы тіл мәселесі мен «Қарқаралы петициясындағы» жер мәселесі қазіргі таңдағы басты мәселе екенін атап айтты. Қалиев Бектұрсын Аманқұлұлы Ахмет Байтұрсыновты -қазақ тіл білімінің негізін салушы, реформатор дей келе, халықтың тез сауаттанып хат тануы үшін араб жазуын реформалап, ұлттық деңгейге көтерген бірегей тұлға екенін атап көрсетеді. Ал Сан Далбаевна Ахмет Байтұрсынов есімі берілген 5 мектеппен құрылған «Ахмет мектептерінің альянсы » жоспарымен таныстырды. Ұлт жыршысының бүкіл түркі жұрты үшін жасаған еңбегін қазіргі жастардың бойына сіңіріп, ұлттық құндылықтарды меңгерген болашақ жасөспірімдерді тәрбиелеу біздің парызымыз.