Интернационалист-жауынгермен кездесу

Дата: 2021-02-10 09:30:58
Интернационалист-жауынгермен кездесу

9 ақпанда облыстық "Зейін", "Өнегелі өмір" жобаларын іске асыру және "Құқықтық навигатор" функционалдық сауаттылық апталығын өткізу шеңберінде Ауған соғысының ардагері Аязбаев Мұрат Жолдасбайұлымен кездесу өтті. Біздің іс-шаралардың тұрақты қатысушысы және қазылар алқасының мүшесі болып табылатын қонағымыз Ауғанстандағы қызметтің қиын және ұмытылмас кезеңі туралы айтып берді. 9-11 сынып оқушыларына Мұрат Жолдасбайұлы өзі және оның әріптестері түсірген фото және бейне материалдарын көрсетті. Балалардың көз алдында барлаушы-десантшының мектеп жылдары, өсу және жетілу кезеңі,әрине, үнемі қауіп - қатерге толы әскери өмірі өтті. Сонымен қатар, құқықтық сауаттылық апталығы аясында АӘД оқытушысы А.М. Левкович білім алушыларға 2004 жылы туған жасөспірімдерді әскери есепке қою мәселелері қозғалған ақпаратты жеткізді. Оқушылар осы мәселедегі міндеттері мен құқықтарымен танысты. Іс-шара онлайн режимінде өтті.