Құрметті IT бағыттарына түскісі келетін талапкерлер!
Дата: 2022-02-18 12:47:01
Құрметті IT бағыттарына түскісі келетін талапкерлер!
Сіздерге 2022 жылы Ұлттық бірыңғай тестілеу Ережелеріне енгізілген өзгерістерге сәйкес «Информатика» пәні ҰБТ-ның бейіндік пәндері тізбесіне енгізілгенін хабарлаймыз.
Осыған байланысты «Информатика мұғалімдерін даярлау», «Ақпараттық технологиялар», «Ақпараттық қауіпсіздік» білім беру бағдарламалары тобын таңдаған ЖОО-ға түсушілер 2022-2023 оқу жылынан бастап ҰБТ-да «Математика + Физика» орнына «Математика + Информатика» комбинациясын тапсырады.
Ал 2021-2022 оқу жылында бейіндік пән «Физика» болып қала береді, бұл ретте пилот ретінде талапкерлердің таңдауы бойынша биыл осы дайындық бағыттарына (наурыздағы ҰБТ кезінде) түсу үшін «Математика + Информатика» комбинациясын таңдау опциясы қосымша қолжетімді болады.
Сондай-ақ Ұлттық тестілеу орталығы Сіздерді қолдау мақсатында республикалық ірі білім беру орталықтарымен бірлесіп, «Информатика» пәні бойынша ҰБТ-ға дайындыққа арналған тегін онлайн-сабақтарды ұйымдастырады. Ал толық нұсқадағы үлгілік тест тапсырмалары www.testcenter.kz сайтында жарияланатын болады.