Білім беру мекемелерінде сабақтарды тоқтату тәртібі және қашықтықтан оқыту форматында оқу процесін ұйымдастыру

1.1.Білім беру ұйымындағы сабақтар келесі ауа-райының бірі болған жағдайда тоқтатылуы мүмкін:

0-4 сыныптарда:

-ауа температурасы минус 250С және одан төмен, ал жел 2 м/с немесе одан да көп жылдамдықта болса;

-желдің күші 17 м/сдейін және бұрқасынмен болса;

-егер жердің қатты мұздылығы және тайғақтығы оқушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірсе;

          5-9 сыныптарда:

-ауа температурасы минус   300С және одан төмен, ал жел 2 м/с немесе одан да көп жылдамдықта болса;

-желдің күші 20 м/сдейін және бұрқасынмен болса;

-егер жердің қатты мұздылығы және тайғақтығы оқушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірсе;

         10-11 сыныптарда, кәсіптік лицейларда, колледждарда (1-2 курс студенттері үшін):

-ауа температурасы минус 350С және одан төмен, ал жел 2 м/с немесе одан да көп жылдамдықта болса;

-желдің күші 25м/сдейін және бұрқасынмен болса;

-егер жердің қатты мұздылығы және тайғақтығы оқушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірсе.

          1.2.Қолайсыз ауа райы метеожағдайларында сабақтың тоқтатылатындығы туралы ақпаратты білім беруді басқару органдары халыққа: 

  • әкімдіктің, білім басқармалары мен бөлімдерінің сайттары арқылы;
  • әкімдіктердің диспетчерлік қызметі;
  • әлеуметтік желілер;
  • білім беру ұйымының, сынып жетекшілерінің немесе білім беру ұйымы әкімшілігінің кезекшілері арқылы хабарлайды.

Сабақтың тоқтатылатыны туралы хабарлау: 

Сағат 6.45–8.00-ге дейін – бірінші ауысым үшін,

сағат 11.15–13.00-ге дейін – екінші және үшінші ауысым үшін.