«Лагерь ережесін сақтайық»

Дата: 2016-06-13 05:57:29
«Лагерь ережесін сақтайық»

Лагердің  бесінші  күні таңертеңгі жаттығуды  жасаудан  басталды. Таңғы ас ішілді. Оқушылар бүгінгі күннің жоспарымен танысты.Көл жағасына бармастан бұрын мектеп  медбикесі  Сағымбекова Мақта балаларға  «Лагерь ережесін сақтайық»  тақырыбы  бойынша  әңгіме  жүргізді. Әңгімеден  кейін  балалар  көкейіндегі  сұрақтарды  қойды.  Медбике  қойылған  сұрақтардың  барлығына  жауап  берді. «Барлық еңбек жақсы.Ал балалар еңбегі ше?» тақырыбында көл жағасына саяхат жасап, жағалауда құмнан  мүсіндер жасады.Оқушылар өз мүсіндерін таныстыра білді.Оқушылардың еңбекқорлығы,ой өрісінің ұшқырлығы байқалды.Балалар түскі астарын ішіп демалды. Бұл  күні  балалар  көтеріңкі  көңіл – күймен  үйлеріне  тарады.