«Бақытты балалық шақ»

Дата: 2016-06-01 06:36:02
 «Бақытты балалық шақ»

   ЖББ №8  орта мектебінде «Шағала» жазғы демалыс лагерінде 01.06.2016 күні балаларды қорғау күніне арналған «Бақытты балалық шақ» атты жиын өтті. Салтанатты жиында мектеп директоры Төкейбекова А.Т сөз алып демалушыларды мерекелерімен құттықтады. Би биленді, әндер айтылды. Жиын қызықты ойындармен жалғасты. І кезең бойынша әр топ дөңгеленіп жүріп, өз топтарының балаларының есімдерін жаттап алу арқылы ойын жүргізілді. ІІ кезеңде алфавит бойынша балалар паравоз ойынын ойнады. ІІІ кезеңде туған күндерінің айларын табу арқылы (қыркүйек, қазан, қараша, желтоқсан, т.б.) әр оқушы үйлерін тапты. ІҮ маршрут кестесі бойынша, әр топтың оқушылары жасырынған кубиктерді тауып, өлең жолдарын тапты. Жеңген топтар сыйлықтармен марапатталды. Сонымен бірге «Жас қыран» тобы балалар күніне арналған асфальтта сурет салу сайысына қатысып жүлделі орынға ие болды. Барлық балаларға балмұздақ таратылып, үйге қайтарылды.