«Жас Қыран» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты жиыны

Дата: 2016-05-19 02:21:52
«Жас Қыран» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер  ұйымына қабылдау салтанатты жиыны

2016 жылдың 16 мамыр күні Республикалық «Жас Қыран» бірыңғай  балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына 2 сыныптардың үздік оқушыларын қабылдау салтанатты жиыны болып өтті. Жиынға мектеп директоры А.Т. Төкейбекова және тәрбие ісінің меңгерушісі Ж.Қ. Жетпісбаева сондай –ақ «Жас Ұлан» ұйымының ұлан басшысы Бегімбаева Назерке мен мектеп ұстаздары мен оқушылары қатысты.

Салтанатты жиынымызда  «Жас Ұлан» ұйымына  9 Ә,Г сынып оқушылары дайындаған үгіт-насихаттарын  ортаға салып көрсетті. Ал 9 Ә сынып оқушысы Қуантаев Ернаттың орындауында  патриоттық ән айтылды.  Қабылданған оқушыларға  ақ жол тілеп жылы лебіздерін білдіріп туымыз түстес көгілдір галстук және төсбелгі тағылды. Одан әрі «Жас Ұлан»ұйымының ұраны айтылып, әнұран шырқалды.