«Шағаладағы» жазғы демалыс

Дата: 2015-06-29 04:38:46
«Шағаладағы» жазғы демалыс

  Жаз айлары – мектеп оқушылары үшін ерекше ықыласпен күтілетін уақыт. Жазғы демалыс – мектеп оқушыларының жалпы физиологиялық, сана – сезімдік, дүниетанымдық тұрғыда даму, жетілу кезеңі.

  Жаз мезгіліндегі бұл уақыт балалардың негізгі сабақтан, үйреншікті тіршілік қарекетінен босап, өзін қызығушылығымен айналысуына мүмкіндік береді. Біздің қаламыздағы ЖББ№8 орта мектепте балалардың жақсы демалуына жағдай жасалуда.2-маусымдағы «Шағала» лагерінің мақсаты мектебімізде оқитын бастауыш сыныптар арасында аз қамсыздандырылған оқушыларға жазғы демалыс кезінде бос уақытын қызықты пайдалануға, бала бойында жақсы қасиеттерді басты назарға ала отырып, іс-шараларды жүзеге асыру.   Осыған орай бастауыш сыныптың 40 оқушысы тегін демалуда.Демалушылар аз қамсызданған ,көп балалы ,толық емес отбасынан келген оқушылар болып табылады.

Лагерьде балалармен жүргізілетін жұмыс түрлері жан-жақты қарастырылған. Олар күн  тәртібіне сәйкес таңғы ас,түскі ас,бесін ас ішіп тынығады,түрлі ойын-сауықтарға қатысып қалалық карусель,кинотеатр,мұражайға саяхат жасайды. Лагерьде балалармен жүргізілетін жұмыс түрлері жан-жақты қарастырылған.
 Олар: Спорттық, ұлттық, танымдық және жергілікті ойындар, ер балалар мен қыз балалар арасындағы әдеп, салт-дәстүрге байланысты сын – байқаулар,
ұлттық дәстүрлер мерекесі,өнер байқаулары,әдеби викториналар,сурет көрмесі, плакаттар байқауы,саяхат, ән-күй кештері,концерттік кештер,би кештері жоспарланған.Бұл шараларды өткізуде мектеп ұстаздары Қоңыров Бақтыбай,Сламбекова Гүлнар Төлеуғазықызы,Манаева Айгерім Қапанқызы,Нұрмаханова Динара Камалбекқызы,Тажикеева Мейрамкүл Несіпбайқызы,Жұмабекова Аққу Қанатқызы,Ынтықбаева Қаршыға Советқазықызы және медбике Сауле Аманжолқызы  зор еңбек етуде. «Шағала» лагерінің демалушыларына жазғы демалыстарын жақсы өткізулерін тілейміз.