«Ұлттық ойын-ұлт қазынасы»

Дата: 2024-04-03 12:30:02

2024 жылдың 26-ақпаны күні әкелер айлығы аясында            «Ұлттық ойын-ұлт қазынасы»   тақырыбымен    спорттық ойын  өткізілді. Шараға бастауыш сынып оқушылары әкелерімен қатысты. Әкелер түрлі  ұлттық ойындар ойнап,  күш сынасты.  «Бел тартыс»,  «Қол күресі», «Теңге алу», «Асық ату», «Ханталапай»  т.б.    Ұлттық ойындар арқылы өз халқының тарихын, жерін, даму сатысын, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, қонақ жайлылығын айқындап көруге болады. Балаларға ұлттық ойындарды үйрету арқылы әділдікке, достыққа, сыйластыққа, кішіпейілділікке тәрбиелей отырып, яғни адамгершілік қасиеттері де қалыптастырылады.