«Әке жолы –ізгі жол»

Дата: 2024-04-03 12:24:19
Мектебімізде 08.02.2024ж. күні  «Әке жолы –ізгі жол» әкелер айлығы аясында «Оқуға құштар мектеп» жобасы  бойынша « оқушыларды кітап оқуға тарту, тіл байлықтарын жетілдіру және үлкендерді тыңдауға, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында Ы.Алтынсариннің  «Әке мен бала» шығармасын бір мезгілде оқу сағаты ұйымдастырылды.
Осы іс-шара барысында 4Б сынып жетекшісі А.Боқайдың ұйымдастыруымен оқушылар әңгіме желісі бойынша шағын көрініс көрсетті.Шара соңында оқушылар  «Аз жұмысты қиынсыңсаң көп жұмысқа тап боларсың; азға қанағат ете білмесең, көптен құр қаларсың»-деген әке  өсиетінің тәрбиелік мәнін  аша отырып, өз ойларымен бөлісті.