Балқаш қаласының білім бөлімінің «Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ 2023 – 2024 оқу жылындағы кәсіптік бағдар беру жұмысы туралы ақпар

Дата: 2024-04-03 11:11:25

Балқаш қаласының білім бөлімінің «Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ 2023 – 2024 оқу жылындағы кәсіптік бағдар беру  жұмысы туралы ақпар

Кәсіби бағдар ұйымдастыру тәрбие жұмыс бағыттарының бірі болып табылады, білім беру процесінің барлық қатысушыларының кәсіби өзін-өзі анықтауға бағытталған. Мектепте кәсіптік бағдар жұмысы жоспары бекітілген,  ағымдағы оқу жылында мектеп жұмыс жоспарының бір бөлігі болып табылады.Кәсіптік бағдар беру – қоғамның қажеттілігіне қарай әрбір оқушының қабілеттілігі мен бейімділігін ескере отырып, кәсіпке қызығушылығын қалыптастыру мен болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға көмектесу

         22.09.2023 күні мектебімізді еңбек күніне орай “Үлкендер жолы ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып” тақырыбында ардагер ұстазбен сыр-сұхбат шарасын өткізді.  Сыр-сұхбат қонағында, білім беру саласындағы ұзақ жылғы жемісті еңбектері және жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуде біраз жетістіктерге жеткен аяулы ардагер ұстазымыз Даркен Каменовна!