Балқаш қаласының білім бөлімінің «Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ 2023 – 2024 оқу жылындағы кәсіптік бағдар беру жұмысы туралы ақпар

Дата: 2024-04-02 10:29:33
Балқаш қаласының білім бөлімінің «Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ 2023 – 2024 оқу жылындағы кәсіптік бағдар беру  жұмысы туралы ақпар 
Кәсіби бағдар ұйымдастыру тәрбие жұмыс бағыттарының бірі болып табылады, білім беру процесінің барлық қатысушыларының кәсіби өзін-өзі анықтауға бағытталған. Мектепте кәсіптік бағдар жұмысы жоспары бекітілген,  ағымдағы оқу жылында мектеп жұмыс жоспарының бір бөлігі болып табылады. Кәсіптік бағдар беру – қоғамның қажеттілігіне қарай әрбір оқушының қабілеттілігі мен бейімділігін ескере отырып, кәсіпке қызығушылығын қалыптастыру мен болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға көмектесу
Кәсіптік бағдар беру жұмысының міндеттері:
1. Оқушыларға кәсіптік өзін-өзі айқындауды шешуде көмек көрсету;
2. Олардың құндылықтық бағдарларын, қабілеттері мен мүмкіндіктерін, өмірлік жоспарлары мен перспективаларын ескере отырып, кәсіптерді саналы таңдауына ықпал ету
Оқушыларменжүргізілетін жұмыстың негізгі бағыттары:
     Оқушыларды мамандықтар, оларды алу жолдары, жұмысқа орналасу       мүмкіндіктері туралы хабардар ету, еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарды насихаттау, басымдықта (техникалық, ауылшаруашылық мамандықтары);
Мамандық таңдау мәселелері бойынша педагог-психологтың қатысуымен оқушыларға ұжымдық және жеке кеңес беруі;
Кәсіппен танысу және еңбекті ұйымдастыру мақсатында кәсіпорындарға экскурсиялар ұйымдастыру;
Оқу орындарының өкілдерімен кездесулер ұйымдастыру
Кеңес беру жұмысы – оқушыларға кәсіби таңдау бойынша жеке кеңес беру жүргізіледі. Кәсіби мүдделер анықталды, кәсіби өзін-өзі анықтауға көмек көрсетіледі.
Практикалық жұмыс  9-сыныптарда "Армандар орындалады", "Менің болашақ мамандығым", "Мен мамандық әлеміндемін" тақырыптарындағы кәсіптік бағдар беру бойынша тренингтар өткізілді.
Сабақтың мақсаты: Жеке тұлғаның кәсіптік мамандықтарға деген ынта – ықыластарын анықтау.  
Мектеп оқушыларымен келесі жұмыстар жүргізілді:
Еңбек күніне байланысты «Еңбегімен ел таныған» тақырыбында жергілікті ақын, жалынды журналист, шежіреші, жеті өнерді бойына жиған сұңғыла сазгер Қуандық Мақсұтұлы Саденовпеен кездесу ұйымдастырылды.
 9 – сынып оқушылары «Балқаш Сервис Колледжіне» барып мамандықтар түрлерімен танысып, өздері тәжірибе жасап көрді. Колледж ұстаздарымен, студенттермен кездесіп көптеген мамандықтар туралы ақпараттар алды. (қазан),  ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ (қараша) өкілдерімен, Ақтөбе қаласындағы әке қорғаныс институтының түлегі лейтенант , ұшқыш Бериков Нұрланмен, Қазақ технология және бизнес университетінің өкілдерімен кездесулер ұйымдастырылды. 
Kazakhmys корпорациясының ардагерлері Арзымбетов Мақсат Адамбаевич; Есембеков Кабдырахман Мукажанович; Имангалиева Канымжан Аркабаевна «Зиялы тұлғамен кездесу» айдарында ұйымдастырылған кездесуге   келді. Құрметті еңбек ардагерлері мамандық таңдаудағы естен кетпес шақтары, адам бойында адамгершілік, әділеттілік, отанға адал қызмет ету сияқты тақырыпта сөз қозғап, қызметке көп еңбектің арқасында келгендігі жайында айтты. (желтоқсан)
"ІІБ Бәрімбек Бейсенов атындағы" Қарағанды академиясының 3 курс тыңдаушылары Мектебіміздің түлектері Ыбрайымбек Толеген мен Сагимбеков Диас "Кәсіби бағдар беру" бойынша кадет сыныптарына  үгіт - насихат жүргізді. ІІМ Қарағанды академиясында оқудың артықшылықтары, оқу бөлімдері,  мемлекеттік бюджет есебінен оқыту, 100% жұмысқа орналастыру, киім - кешек, тамақ, жатаханамен қамтылғаны туралы ақпараттармен бөлісті. Академияда оқыған мерзім әскери борышын өтегенмен теңестіріледі, Қарағанды академиясына түсу үшін конкурстан өту баллы 50 екенін айтты, таңдау пәніне кез келген пәнді таңдай аласыздар деді тыңдаушылар. (Қаңтар)
 Щучинск қаласындағы Әскери колледжінің 2 - ші классты сержант Мусаибов Азат Тимаргалиевич келіп 9 – сынып  оқушыларымен кездесу өткізді. Әскери оқудың қыр - сыры, оқу орнына түсу жолдары, мерзімі, оның тиімді жақтары, оқу орнының ерекшелігі туралы толық ақпарат берді. (Ақпан)
"Ағыбай батыр атындағы оқушылар сарайы" базасында "Кәсіптер жәрмеңкесі-2024" өтті. Жәрмеңкеге Қарағанды қаласының ЖОО мен колледждерінің(А.Сатынов атындағы КарТУ, Е.Букетов атындағы КарГУ, ККЭУ, "BOLASHAQ" академиясы" ЖМ,"Караганды медициналық, университеті" КЕАК) өкілдері келіп, оқу орындары туралы таныстырып, мағұлматтар берді.
Қазіргі күні қоғам алдына қойылған негізгі міндеттердің бірі – жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру. Сондықтан да заман талабына сай мамандықты игерген жастарға сұраныс жоғары.
Қорыта айтқанда, жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі «Құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді» деген ұстанымды әрбір мектеп түлектері жадынан шығармауы тиіс деп ойлаймын. Бүгінгі оқушы – ертеңгі маман.
қаулы:
1. Кәсіби бағдар беру жұмысының жоспары жеткілікті деңгейде жүзеге асырылсын.
2.Жергілікті оқу орындарымен ынтымақтастық келісімге отырып, ашық есік күндері ұйымдастырылсын.