КӘСІПТІК БАҒДАР

Дата: 2024-04-02 10:28:34

2024 жылдың 27 - наурыз күні Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінің 9 - сынып оқушылары Р.Қошқарбаев атындағы техникалық колледжінде ұйымдастырылған кәсіби бағдар бойынша ашық есік күніне қатысты. Колледждің тәжірибелі мамандары 9 - сынып оқушыларын тұрлі мамандықтармен таныстырып, шебер сабақтар өткізді. Ұйымдастырылған ашық есік күні оқушыларға қызықты болды. Оқушылар өз белсенділіктерін танытып, керекті ақпараттарды алды.