Кітапхана туралы мәлімет

Дата: 2015-06-12 04:46:57
Кітапхана туралы мәлімет

Кітапхана туралы мәлімет

Елбасының «Қазақстан 2030» бағдарламасында: «ХХІ ғасырда білімсіз өмір сүру мүмкін емес, халықты сауатты өмірге бағыттауымыз керек» деген сөздерді бүгінгі ұрпақ, ертеңгі азаматтарына білім мен тәрбие берер жандарға міндеттелген тапсырма іспетті. Бүгінгі жас ұрпаққа берілер білім мен тәрбиенің өз мәнінде сапалы болуы бірінші кезекте тұрғаны анық. Осыған орай еліміздегі бірден-бір руханият ордасы – мектеп кітапханасының алатын орны ерекше.
   «Кітап – адамзат мәдениетінің ең ұлы туындыларының бірі, кез-келген елдің мәдениетінің ең басты рухани ордасы – кітапхана».Кітапхана – дүниедегі ештеңеге теңестірілмейтін білім бұлағының көзі. «Кітап – білім бұлағы» демекші,осынау білімнің тұнық та мөлдір бұлағынан шәкірттерді сусындатып, олардың рухани дүниесін молайтып, тағылымы мол тәрбие ошағына айналып отырған мектебіміздің кітапханасында оқушыларды заман талабына сай оқырмандардың ойын ұшқырлайтын оқырман конференциясы, мерекелік кештер,ертеңгіліктер, тәрбие, парасат сағаттары, көрмелер, библиографиялық сабақтар, библиографиялық шолулар өткізіліп тұрады. Кітапханада әр тоқсан сайын оқулықтардың таза ұқыпты ұсталуына «Оқулыққа ұзақ өмір» атты рейдтер жүргізіліп отырады.
  Кітаптың осыншалықты орасан зор қасиетін жас ұрпаққа ұғындыратын, оларды кітапты сүйе білуге оның құдіретті нәрін таратуға дағдыландыратын орынның бірі – мектеп кітапханасы.
  2013-2014 оқу жылында мектепте  - 44 716 дана кітап қоры бар. Оның ішінде оқулық саны – 29 385 дана, әдеби кітаптар – 12 916 дана, әдістемелік құралдар - 2251 дана, электронды оқулықтар – 164 дана. Оқырман саны 2012 – 2013 оқу жылында 350 болса, биылғы 2013 – 2014 оқу жылында  оқырман көрсеткіші - 625.
Кітаппен қамтылу көрсеткіші: 1 оқырманға – 55 кітаптан.
Оқушылар арасындағы кітапқа деген сүйіспеншілік бастауыш сынып пен орта буын сыныптарының арасында ерекше. 9-10 сынып оқушылары  көбінесе пән бойынша керекті мәліметтерге сұраныс жасайды. Ал енді 11 сынып оқушыларына кітапханада «ҰБТ тапсырушыларға сәттілік!» атты әдістемелік көрме және «Мамандықты таңдау» атты кәсіптік бағдар беру бұрышы ұйымдастырылған.
Осыншалықты мол қазынаны білім қажетіне тиімді пайдалануды меңгерту – мектеп кітапханасының міндеті.
Мектеп кітапханасының мақсаты:

-         педагогикалық ұжыммен жүмыс жасау;

-         кітапханаға оқушыларды тарту;

-         кітапхананың ақпараттық жұмысын жандандыру,

-         сыныптан тыс оқу, пәндік апталықтар бойынша жұмыстану;

-         ата – анамен жұмыс дамыту;

-         оқу әдебиетімен қамтамасыз ету;

-         күнтізбедегі атаулы күндерге сәйкес әдебиеттерді насихаттау;

-         кітапханаға саяхат ұйымдастыру;

 

Атауы

Саны

1

Кітап қоры

44 716 дана

2

Оқулықтар

29 385 дана

3

Әдеби кітаптар

12 916 дана

4

Әдістемелік құралдар

2251 дана

5

Электронды оқулықтар

164 дана

6

Оқырман саны

625