«Мен бойымдағы жақсы қасиеттер үшін кітапқа қарыздармын»

Дата: 2024-01-14 22:41:26

Мектебіміздің кітапханашылары қысқы демалыс кезінде кітап оқып, демалысты қызықты әрі пайдалы өткізуге шақыру мақсатында 7-сынып оқушыларымен «Үнемі кітап оқитын адам- табысты адам» атты әңгіме-сағатын ұйымдастырды.
Бұл іс-шараның басты мақсаты оқушыларды кітап оқу арқылы өздерін тәрбиелеу, кітаптың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру, жастарымызды рухани байлық алуға шақыру , мейірімділікке баулу, жақсы қасиеттерге тәрбиелеу.
Кітапханашы З.Шайбекова әңгіме-сағатын атақты жазушы Максим Горькийдің «Мен бойымдағы жақсы қасиеттер үшін кітапқа қарыздармын» – деген нақыл сөзімен бастап, оқушыларға кітап оқудың адамзат баласына тигізетін орасан зор пайдасы туралы айтып өтті «Жақсы кітап-жан азығы» демекші жақсы кітап оқи отыра өз-өзіңді тәрбиелеп, жаман қасиеттерден аулақ болуға шақырды.