кәсіптік бағдар жұмысын жүргізу

Дата: 2023-11-14 13:14:48
9 қараша күні кәсіптік бағдар жұмысын жүргізу мақсатында  Əбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ сәулет және дизайн кафедрасының аға оқытушысы 
Ахметов Бейбіт Бакиевич 11 сынып оқушыларымен кездесіті.
Кездесу барысында Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-дың білім беру бағдарламалары, әскери кафедра және жеке шәкіртақылар туралы ақпарат жарияланып, грантқа түсу баллдары көрсетілді, ҰБТ-ға қосымша дайындық курстары туралы, факультеттер мен кафедралар туралы ақпарат берілді. Сондай-ақ кеңес алу үшін менеджерлердің байланыс контактілері берілді. Мектеп оқушылары өздерін қызықтыратын оқу ақысы, үш деңгейлі білім деңгейлері, гранттар саны және т.б сұрақтар бойынша белсенді түрде сұрақтар қойды.
 
Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-ға түсуге ниет білдірушілермен жүргізілген жұмыс нәтижесі бойынша университеттің болашақ студенттеріне одан әрі қолдау көрсету және кеңес беру үшін әлеуетті талапкерлердің мәліметтер базасына тіркелу жұмыстары жүргізілді.