Размер шрифта:

« Әке шаңырағы -теңдесі жоқ өмір мектебі атты эссе байқауы

Дата: 2023-02-19 17:00:04

    « Әке шаңырағы -теңдесі жоқ өмір мектебі атты эссе  байқауы

 

Мақсаты:Жанұядағы әке мен бала арасындағы қарым - қатынасты нығайту, ұлттық салт - дәстүрімізге байланысты әке орнының ерекше екендігін ұғындыру, әкеге деген бала махаббатын ояту.

 Әр шаңырақта әкенің орны ерекше. Әке – отбасының асыраушысы, отбасы мүшелерінің тірегі, қамқоршысы. Әкенің мінез - құлқы, өзгелермен қарым - қатынасы, өнері мен білімі баланың көз алдындағы үлгі, өнеге алатын оған қарап өсетін нысанасы. «Әке – асқар тау, ана – қайнар бұлақ, бала жағасындағы құрақ» дегендей «Әке» деген сөз қандай жақын, қандай ыстық десеңші! Өмірде әкесін жақсы көрмейтін бала жоқ шығар, өйткені бала үшін әкенің орны бөлек. «Әке - бәйтерек» дейміз.

   Мектебімізде отбасындағы әке мен ер азаматтың рөлінің мәнін ұрындырады,әрбір тұлғаны отбасының негізгі тірегі әке екенін ,әкеге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу мақсатында 7а сынып оқушылары "Әке шаңырағы -теңдесі жоқ өмір мектебі" тақырыбында эссе жазды.Оқушылар эссесінің мазмұнынан әр баланың әкеге деген құрметі,әкеге деген  сүйіспеншілік сезімі әр сөздерінен байқалып тұрды. Эссе жазуда  7,8 сынып оқушылары   ерекше көзге түсті.