«Ауғанның отты жылдары»

Дата: 2023-02-15 23:32:54

           2023 жыл ақпанның 13 күні Балқаш қаласы білім бөлімінің «Бауыржан Момышұлы атындағы ЖББ мектебі» КММ-інде Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылған күніне арналған «Ауғанның отты жылдары» атты Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу кеші болып өтті.Оған мектептіңЖАС САРБАЗ сыныптары және 10-11 сынптарының оқушылары, мұғалімдер және Ауған соғысының ардагері Жалелов Сайран Бақытұлы қатысты.

            Кешті жүргізуші АӘТД оқытушы ұйымдастырушысы лейтенант М.А.Сатиев Ауған соғысы туралы мәліметтерді баяндап, бейне роликтер көрсетіп оқушыларға мағлұматтар жасады. Ардагермен сұқпат жасалып, оқушылар сұрақтар қойып, жауап мәліметтер алды. Кеш соңында 7-11 сыныптар арасында АК-74 автоматын бөлшектеу-жинақтау жарысы қызықты жүріп, жарыс жеңімпаздардын Ауған соғысының ардагері Сайран Бақытұлы грамоталар және медальдармен марапаттады.