«Буллинг, кибербуллинг және одан қорғалу жолдары»

Дата: 2023-02-15 23:24:25

Балқаш қаласы «Б.Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі»КММ

«Буллинг, кибербуллинг және одан қорғалу жолдары» атты кеңес ақпары

  Мектебімізде 27 қаңтар күні 8-11 сыныптар арасында мектеп психологтары «Буллинг, кибербуллинг және одан қорғалу жолдары» тақырыбында  бейнебаян көрсетіп, кеңестер берді.

    Мақсаты:Оқушыларға зорлық-зомбылықтың кері әсерлерін түсіндіру. Ата-аналармен жағымды қарым-қатынас орната білуге үйрету. Оқушыларға зардап шеккен жағдайда психологиялық тұрғыдан күресе білуге тәрбиелеу. Іс-шараға 8-11 сыныптардың білім алушылары қатысты. Буллинг – адам психологиясын бұзып, күйзеліске, жан дағдарысына әкелетін әрекет. Бұл мәселенің алдын алу үшін  қоғамның барлық мүшесі  үнсіз қалмауы  қажет.  Осыны ұғынып, аталған мәселенің бар екенін қоғамға сіңірген кезде ғана балалардың болашағы кемел болмақ. Білім алушылар өз ойларын білдіріп,  сұрақтар қойылып, кеңес берілді. Мектеп оқушыларын ізгілікке бастайтын шара  алдағы уақытта да жалғасын таппақ.