«Инклюзивті білім беру мектептегі логопедтің қызметі».

Дата: 2022-12-08 21:52:14

Логопедтің мұғалімдерге

арналған  кеңесі

Тақырыбы: «Инклюзивті білім беру мектептегі логопедтің қызметі».

Мақсаты:Логопедиялық қызмет жүйесінің негізгі мақсатын,маңызынтүсіндіру,инклюзивті білім беретін мұғалімдерге көмектесу.

Бауыржан Момышұлы атындағы  жалпы білім беретін мектебінде

«Инклюзивті білім беру мектептегі логопедтің қызметі»

тақырыбында  логопедтің  мұғалімдерге арналған кеңесі өткізілді.

Кеңесті мектеп логопеді:Тастанбекова Г.Д.  ұйымдастырып,жүргізді.

Кеңес барысында жалпы логопедтің жұмыс мақсаты мен міндеттері жайлы толық айтылды. Сонымен қатар инклюзивті білім беру бойынша:фонетикалық бұзылулар, лексикалық-грамматикалық бұзылулар,әуендік – екпіндік бұзылулар,қарқындылық – ырғақтық бұзылулар, жазба тілдің бұзылуы, сөйлеудің жүйелі бұзылуы, тахилалия,  дислалия, дизартрия сынды бұзылысы бар балалар оқытылатыны, логопед маманның баламен түзету жұмыстарды қалай жүргізетіні  талқыланды.

 

Мұғалімдер кеңеске   белсене қатысып, өз араларында пікір алмасты. Логопедке сұрақ қойып, көптеген  оқыту  мәселелерді  ортаға салды және нақты білім беруді,жүзеге асыру тәжірибесін ұштастыра білді.