Ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың ерекшеліктеріне сай тапсырма дайындау.

Дата: 2022-11-11 15:44:13

Ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың ерекшеліктеріне сай тапсырма дайындау.

«Инклюзивті оқу ортасындағы педагогикалық қолдау» тақырыптарында воркшоп өтті

 

23 қыркүйекте  Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінде мұғалімдерге арналған воркшоп өтті. Воркшопқа қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ибышева М.Е.  «Ерекше білімді қажет ететін балаларға тапсырма дайындау» жәнек математика пәнінің мұғалімі Аманжолова К.А. "Инклюзивті оқу ортасында педагогикалық қолдау" тақырыбында өткізді. Мақсаты: ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларға сабақ беретін пән мұғалімдеріне қолдау көрсету, тәжірибелерімен бөлісу.

Алдымен математика пәнінің мұғалімі Аманжолова К.А. инклюзия туралы түсінік беріп, нормативтік –құқықтық құжаттар бойынша таныстырып кетсе, қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Ибышева М.Е. тапсырма дайындаудың үлгісін көрсетіп, мұғалімдерді топтастырып, өздеріне тапсырма дайындатқызды.

Воркшоп соңында мұғалімдер сұрақ-жауап алысып, ерекше білім туралы ой бөлісті