«Сарыарқа дарыны»

Дата: 2022-10-31 20:55:45

2022 жылдың 26-қазаны күні мектебімізде «Сарыарқа дарыны» балаларға қосымша білім беру орталығының және «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебінің ұйымдастыруымен 5-6 сыныптар арасында өткізілетін «Алтын сақа» математикалық олимпиадасының І кезеңі (мектепішілік)  өткізілді. Олимпиадаға барлығы 30 бала қатысты.  

      2 кезеңнен тұратын математикалық олимпиадада  5-сыныптар арасында  Сейфолла Арсен жүлделі І орынды, Үйсінбаев Айбар ІІ орынды, Марат Мейіржан ІІ орынға ие болды.  6-сыныптар арасында ең жоғары ұпай жинаған Мұратхан Ділназ жүлделі І орынға, Анықбай Дария ІІ орынға, Нышан Дарина ІІІ орынды жеңіп алды.  
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!