«Архив және болашақ ұрпақ»

Дата: 2022-10-31 20:41:29

       Балқаш қаласы білім бөлімінің  «Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ-нің 7 ә сынып жетекшісі лейтенант Сатиев Мухтар Амантаевич және біз осы аталған сыныптың оқушылары 2022 жыл қыркүйектің 21 күні, Балқаш қаласының мемлекеттік архивіне  барып «Архив және болашақ ұрпақ» атты жобасына сәйкес ашық есік Күніне  арналған іс-шараларға қатыстық. Ол жерде біздің сүйікті қаламыз Балқаштың өлкелік тарихына байланысты «Сүйікті қаламызға 85 жыл» патриоттық сабақ өтті. Іс-шаралар жүргізушілері Д.З.Серикбаева, А.Диншина, А.Д.Абсаликова шараның ашылу сөзін алып, соңына дейін кезекпен «Балқаштың даму жылдары» атты бейнеролик көрсетті, бейнероликте біз толығымен Балқаш қаласының толық рет-ретімен даму кезеңінен мағлұматтар көрсетілді. Одан кейін Ақжолтай атанған Ағыбай Қоңырбайұлының туғанына-220 жыл толуына орай тақырыптық шолу жасалып, Ағыбай батыр атамыз туралы кітаптармен және құжаттармен таныстық. Әрі қарай архивтегі аса құнды құжаттар және тарихи маңызы бар құжаттар туралы кішігірім экскурсия жасадық. Ең соңында «Достықпен туған қала» тарихи-құжаттық көрмені көріп тамашалап, өзімізге көптеген мағлұматтар алып қайттық.

«Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ-нің

7 ә сынып оқушысы кіші сержант Бүркітбай Нұрислам