Рухани байлық алуға шақыру

Дата: 2022-10-14 15:10:04

Бауыржан Момышұлы атындағы  жалпы білім беретін  мектебінде   ұйымдастырған  «Бәріміз оқимыз» атты іс-шара   ақпары

      Мектебімізде  «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында оқушыларды кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, кітап оқу арқылы өздерін тәрбиелеу, кітаптың  адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру, рухани байлық алуға шақыру мақсатында  «Бәріміз оқимыз» атты бір мезгілде кітап оқу жалғастырылуда.

     Осы іс-шара барысында мектеп оқушылары мен мұғалімдер әр дүйсенбі сайын бір мезгілде 20 минут кітап оқып, сынып сағаттарында оқыған кітаптарын талқылайды.

      Іс-шараның өту барысын мектеп кітапханашылары мен кітапхана белсенділері қадағалайды.