Кадеттердің Жаңа жылдық кеші

Дата: 2014-12-29 04:12:37
Кадеттердің Жаңа жылдық кеші

27 желтоқсан күні мектебімізде 5-8 сынып кадеттер арасында Жаңа жылдық бал өткізілді. Балға кадеттер өз бикештерімен қатысты. Мектебіміздің жүргізушілері Жексембай Айғаным және Мағрұп Мұрагер кадеттерді Жаңа жылдық шыршаға шақырып, ортаға шығарды. Барлық жұп «Полонез» биін билеп, әр түрлі ойындар ойнады.«Бал ханшайымы» болып,  Жақыпбай Мадина таңдалды. Жаңа жылға арналған балдың  соңы «Флешмоб» биімен аяқталып, би кешімен ұласты.