Кадет сыныптарының ант қабылдау рәсімі

Дата: 2014-12-15 03:04:12
Кадет сыныптарының ант қабылдау рәсімі

13.12.2014 ж.куні мектепте 5-і кадет сыныбына қабылданған 16 жас ұлан, 6-7 сыныптарға қосымша қабылданған 5 жас ұланның ант қабылдау рәсімі өтті. Ант қабылдау рәсіміне бірқатар қонақтар шақырылды. Олар: қалалық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің әдіскері Рахимов Ф.М., біріктірілген қорғаныс бөлімінің басшысы Алишев Б.А., №31765, №6505, №53898 әскери бөлімдерінің қызметкерлері, мектебіміздің әкелер кеңесінің мүшелері және өзара серіктестік туралы меморандум жасаған әріптестер - Қарағанды қалалық №58 орта мектебінің әкімшілігі мен кадет сыныбының оқушылары қатысты.
Бағдарлама бойынша ант қабылдау рәсімінен кейін Қарағандыдан келген кадеттермен спорттық кездесу өткізілді. Сонымен қоса қонақтар қала көшелеріне, қалалық мұражайға, №15 орта мектебіне және №31765 әскери бөлімшесіне саяхат жасады.