Бірыңғай «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымы мүшелігіне салтанатты қабылдау шарасы

Дата: 2014-12-11 05:51:32

10.12.2014 ж. мектебімізде 2-5 сыныптардың жақсы оқитын және  белсенді оқушыларын  бірыңғай «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымы мүшелігіне қабылдау шарасы өтті. Салтанатты жиында оқушылар ант қабылдады. Аға тәлімгер А.М. Булендинова мен 7 сыныптардың белсенді оқушылары оқушыларға галстуктарын тақты. Тәрбие ісінің орынбасары А.С.Алпысбаева балаларға құттықтау сөз сөйледі.