Размер шрифта:

Форум

Дата: 2022-05-22 21:40:07

20.05.2022.Бүгін мектебімізде,талантты,дарынды оқушыларды тану және олардың бойындағы қайталанбас қанына біткен дарынын аша білген ұстаздардың еңбегін бағалау мақсатында жылдың қорытынды есебі ретінде «Білім-бақыт бастауы» атты жетістіктер форумы өтті.

Форумның мақсаты.

    Білімнің  қайнар бұлағына айналған ,өнердің  жарқын шырағына айналған,спорттың жас саңғалақтарына айналған оқушыларымызды жетістіктермен марапаттай отырып, басқа оқушыларға да осы дарындыларға қарап үлгі  алу.

   Бүгінгі іс-шара   үшін мерейін көтеріп жүрген дарынды оқушыларымыз үшін ерекше күн болды.

 Форумға: 

2.Бәйтерек»әкелер кеңесінің  төрағасы  Джуматаев  Марат  Кадрович 

3.Қамқоршылық кеңестің төрайымы Тілеуберлина Арайлым Асхатовнаны

4.Ата аналар комитетінің төрайымы  Максутова   Назима Хизатулаевна

5.Ыбырай  Алтынсарин төс белгісінің иегері  аға ұстаз Қанат Даркен Каменқызы қатысып бүгінгі  форумның қонағы болды.

     Бүгінгі таңда оқушыларының білім көкжиегінде, ғылым шыңында  көрсеткен жетістіктері көңілге сенім ұялатарлықтай, оқушыларымыз Республикалық,облыстық,қалалық деңгейде жоғары жетістіктерге жетті.

   Мектебімізде,талантты,дарынды оқушыларды тану және олардың бойындағы қайталанбас   дарынымен талантын сараптай келе,

2021-2022 оқу жылының қорытындысы бойынша:

 «Жыл номинацияларымен»марапатталды.

« Жыл оқушысы -2022»10-сынып оқушысы Мүкәрам Инабат

«Жас дарын- 2022»  6-сынып оқушысы Бүркітбай Нурислам

«Жас патриот- 2022»  9сынып оқушысы Шаймұрза Нұрасыл

«Өрісі кең өрен-2022» 9-сынып оқушысы Әлімхан Ерсін

«Жас спортшы-2022» 9-сынып оқушысы  Ерик Ералы

«Жас математик-2022» 3-сынып оқушысы Мұғиын Зере

«Үздік оқушы-2022»   3-сынып оқушысы Абылай Маржан марапатталды.

 Құттықтаймыз!!!