«Бәйтерек» әкелер кеңесі

Дата: 2022-05-18 23:48:30

13.05.2022ж.  күні  әкелер  арасында жалпы жиналыс өткізілді. Жиналысқа Балқаш қаласы ІІБ-нің ювиналдық полиция тобының полиция капитаны Сая Талғатқызы Кабелдесова  және  «Бәйтерек» әкелер  кеңесіндегі төрағасы М.Қ. Джуматаев, ардагер ата Ештанаев Қазбек Опиұлы  қатысты. Жиналысқа барлығы 38 әке қатысты.   Күн тәртібінде «Жасөспірімдердің арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу туралы», «Жазғы уақыттағы бала қауіпсіздігі үшін ата-ана жауапкершілігі», «Бала тәрбиесіндегі әкенің ролі» тақырыптары қаралды. Әкелерге арналған бейнефильм көрсетіліп, соңында «Өз балаңызды қаншалықты білесіз?» тақырыбында  тренинг өткізілді.