«Мамандықтар жәрмеңкесі»

Дата: 2022-04-01 09:56:06
Қарағанды облысы білім басқармасының кәсіптік бағдар жұмысын жүргізу жоспарын жүзеге асыру мақсатында Балқаш қаласының №8жалпы білім беретін мектебінің 9 сынып оқушылары қаламызда өткен «Мамандықтар жәрмеңкесі» көрмесіне қатысты.
«Мамандықтар жәрмеңкесі» барысында Балқаш қаласының колледждері кәсіби шығармашылықтары туралы ақпараттар берді.медициналық колледж азаматтарға жоғары дәрежеде медициналық көмек көрсету, емдеу, педагогикалық колледж педагог мамандарын дайындау және басқа колледждер тарапынан жан-жақты маман иесі болу жолдары көрсетіліп, презентациялар ұсынылады.
Жәрмеңкеде оқушылар, ата-аналар өздерін мазалап жүрген сұрақтарына жауап алып, оқуға түсу, оқу барысында студенттерге жасалатын жағдайлар туралы толық ақпарат алды.
 
Нет описания фото.