Оқушылармен «Әлеуметтік желілерде қандай проблемалар болуы мүмкін» тақырыбында жүргізілген әңгіме ақпары

Дата: 2022-02-18 12:04:40

Оқушылармен «Әлеуметтік желілерде қандай проблемалар болуы мүмкін» тақырыбында  жүргізілген әңгіме ақпары

Қарағанды облысы Балқаш қаласы «№8 жалпы білім беретін мектебі» КММ-інде  психолог З.Н.Абдуалиеваның ұйымдастыруымен 7-11 сыныптар арасында «Әлеуметтік желілерде қандай проблемалар болуы мүмкін» тақырыбында  әңгіме  жүргізілді.

Мақсаты:Әлеуметтік желінің пайдалы және зиянды жақтарын ажырата білуге және оны тиімді пайдалану жолдарын анықтау. Оқушылардың әлеуметтік желілерді сапалы пайдалануға бағыт беру. 

ХХІ ғасырдың бастап еліміз жаһандық ақпараттандыру процесіне белсене кірісіп кетті. Бүгінде Қазақстан қоғамында білімді ақпараттандыру ісі қарқынды жүріп жатыр. Компьютерді және басқа да ақпараттық технологияларды пайдалану дағдысын меңгеру қазіргі өмірдің ажырамас бөлігі болып тұр. Сондықтан, жасөспірім балалар компьютер алдында қанша уақыт отыру қажет? адамға компьютердің қандай зиянды әсері бар? компьютерді шамадан тыс қолданудан қандай зиян тудыруы мүмкін? компьютерді қалай дұрыс орналастырып, қолдану керек? сияқты т.б ақпараттар беріп өтті. Ғаламтордың шығармашылық қабілетін дамытуға айқын мүмкіндіктер бере отырып, зиянды тұстарының да бар екені айтылды. Әртүрлі құмар ойындары, зиянды бағдарламалардың көптігі, бұлыңғыр қарым – қатынас жасау арқылы виртуальды әлемге қызықтырып, ғаламторға тәуелділікке әкеліп соқтыратыны ескертілді. Оқушылар әлеуметтік желінің пайдалы және зиянды тұстарын ажырата отырып, талдады. Соңынан оқушыларға сұрақтар қойылып, пікірлері тыңдалды.

  

    

 

Орындаған: Абдуалиева З.Н.