Ата-аналарға арналған дәрістер мен практикумдар өткізу қорытындысы

Дата: 2022-02-18 11:29:56

Ата-аналарға арналған дәрістер мен практикумдар өткізу қорытындысы

 

Қарағанды облысы Балқаш қаласы «№8 жалпы білім беретін мектебі» КММ-інде  мектеп психологы З.Н.Абдуалиева мен сынып жетекшілерінің қатысуымен ата-аналарға кеңес берілді. Мақсаты: ата - ананың балаға деген  жауапкершілік сезімін арттыру.

 

  

 

 Бала тәрбиесі - баршаға ортақ. Жас ұрпақ бойында жақсы қасиет, адамдық құндылық, талғам мен талантты жетілдіру ата - ана мен мұғалімнің басты міндеті. «Тәрбие - адам тағдырын шешетін ұлы іс»,- деп В. Г. Белинский айтқандай, тәрбиеге, соның ішінде бала тәрбиесіне бейжай қарауға болмайды. Әрбір ата - ана еліміздің болашағының жарқын болуы үшін, балаларын тәрбиелей отырып ат салысады. Ол үшін баланы тәрбиелеушінің өзі тәрбиелі болуы тиісті. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны көресің» деген ұлағатты сөз соның айғағы. Бала тәрбиесі - баршаға ортақ. Жас ұрпақ бойында жақсы қасиет, адамдық құндылық, талғам мен талантты жетілдіру ата - ана мен мұғалімнің басты міндеті. «Тәрбие - адам тағдырын шешетін ұлы іс»,- деп В. Г. Белинский айтқандай, тәрбиеге, соның ішінде бала тәрбиесіне бейжай қарауға болмайды. Әрбір ата - ана еліміздің болашағының жарқын болуы үшін, балаларын тәрбиелей отырып ат салысады. Ол үшін баланы тәрбиелеушінің өзі тәрбиелі болуы тиісті. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны көресің» деген ұлағатты сөз соның айғағы.

 

 

 

Орындаған: Абдуалиеева З.Н.