Размер шрифта:

Ақпар

Дата: 2022-01-26 22:00:11

Ақпар

      Отанымыздың ертеңі де, өркені де – бүгінгі ұрпақ. Сол ұр­пақтың тәлімді де тәрбиелі болуы алдыңғы толқынның па­ры­зы мен қарызы десек, еш қа­те­леспейміз. Осыны ел бол­ғалы бері Мемлекетіміздің тұңғыш президенті өзінің «Ұлы дала ұла­­­­ғат­тары» атты кітабында ұр­­пақ­­қа қызмет көрсету сөз емес, істе басым тұру керектігін тар­қата келіп: «Жастар біздің бола­шағымыз» дегенді жиі айтып жүреміз. Алайда айту бар да, оның мағынасына терең бойлау тағы бар. Бір қарағанда, бәрі де түсінікті. Әйтсе де, солай болуы үшін жұмыс жасаудың мәні тіптен бөлек», деп қадап тұрып айтқаны бар. Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті осы үдеден шығу жолында тиісті жұмыстар атқарып келеді. Мектебімізде 25.11.21 күні «ҚР Бала құқығын қорғау туралы заң» атты оқушыларымызға бейнероликтер таратылып,түсіндірме жұмыстары жүргізілді.Әкелер кеңесінің төрағасы Жұматаев Марат Қадырұлы  оқушыларға заң білімі саласынан мағлұмат бере отырып, өз құқықтарын жете білуге, өз беттерімен салыстыра білуге, өмірде қолдана білуге үйрету, құқықтық білімдерін толықтырып, адамгершілік, адалдық, әділдік пен мейірімділікке баулу арқылы саяси саналығы мен таным белсенділігін арттыруға өз үлесін қосты. Негізгі мақсатымыз оқушыларды Еліміздің Ата заңын құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу. Патриоттық тәрбие беру. Мемлекеттің ертеңгі мықты тұғыры – жас ұрпақ.Ендеше болашағымыздың тірегін тәрбиелеуде бүгін кішкентай болғанмен, ертеңгі мықты азаматтарымыздың заманға сай білімді де білікті етіп қалыптасуы жолында олардың дәл қазір құқығын қорғау, қолдау басты міндет болып табылады.