"Айбын-2021"

Дата: 2021-12-29 18:38:04
27 желтоқсан күні сынып сағатында   мектеп директоры А.Токейбекова облыстық , республикалық сайыстарда үздік көрініп, жүлделі орындарға ие болған бірнеше оқушылардың марапаттарын табыстады. 
          2021 жылдың  қараша айында онлайн форматында  өткізілген  "Айбын-2021" әскери-патриоттық жастар жиынының  республикалық кезеңіне мектебіміздің «Жас Сарбаз» командасы қатысты. Онлайн-форматтағы «Айбын» VII Республикалық әскери-патриоттық жастар жиынында  «ЖасСарбаз-жас тілшісі» жас тілшілер медиа-байқауы бойынша Үздік көрінгені үшін Жас Сарбаз Сахабаев Бексултан алғыс хатпен және барлық айбындықтарды белсенділік танытқаны үшін Қазақстан Республикасы қарулы Күштері Бас Штаб бастығының орынбасары- тәрбие және идеологиялық  жұмыстар департаментінің бастығы Генерал- майор    С.Борамбаевтың мадақтама қағазымен марапатталды. 
Қазақстан  Республикасы Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай , «Сарыарқа дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен өткізілген  «Сарбаз сахнасы» әскери-патриоттық байқауының «Тәуелсіздік толғауы» номинациясы бойынша  көркем сөз оқу байқауына    8Ә сынып сарбазы Нұрланұлы  Ислам  жүлделі 1- орынға ие болды.  «Елім менің» ән  айту  номинациясы бойынша    8Ә сынып сарбазы Нұрланұлы Ислам  «Жаным қазақ » әнін орындап,  оқып, жүлделі 1- орынға ие болды. 
           Сонымен қатар, «Алаштың арыстары» номинациясы бойынша топтық кезеңде мектеп оқушылары бас жұлдеге ие болды. Барлық оқушыларға мадақтамалар мен сыйлықтары табысталды.