Балқаш қаласы білім бөлімінің №8 жалпы білім беретін мектебінде

Дата: 2021-12-29 18:11:09

Балқаш қаласы білім бөлімінің №8 жалпы білім беретін мектебінде

28 желтоқсан күні 11-сынып оқушыларымен тренинг жаттығулары жүргізілді. Мақсаты: Бірыңғай мемлекеттік емтиханға дайындық кезеңіне оқушылардың қабылдауын жетілдіру, шаршағандарын басу, көңіл – күйлерін реттеу, стреске қарсы тұруын арттыру, сенімділікті қалыптастыру, өзін - өзі бақылау дағдыларын дамыту. Оқушылар «Кедергіден өту», «Ішкі күш» жаттығуы мен «Арманға апаратын басқыш» медитациясына қызығушылықпен қатысып, өз ойларымен бөлісті.