«Жас сарбаз»

Дата: 2021-12-13 20:06:06
2021 жылдың 11-желтоқсан күні №8 жалпы білім беретін мектебінің «Жас сарбаз» сынып оқушылары салтанатты түрде ант қабылдады. Ант қабылдау рәсіміне №73165, 53898 әскери бөлімінің қызметкерлері қатыстырылып, ант қабылдау рәсімін №31765 әскери бөлімінің қызметкерлері Е.Қ.Лұқпанов және А.Т.Ахметов атқарды. Жасөрендер мектеп ережесін бұзбауға, сабақта алдыңғы қатардан көрінуге, жас сарбазға сай білім мен тәртіпті өз бойларынан көрсетуге салтанатты түрде ант етті. Мектеп директоры А.Т.Токейбекова жас сарбаздарды құттықтап, анттарына адал болуға шақырды. Ант қабылдаған жас сарбаздарды Біріктірілген қорғаныс бөлімінің әскери қызметкері сержант Авдеев Иван Александрович, №53898 әскери бөлім командирінің орынбасары подполковник Карасаев Игілік Қабидоллаұлына №31765 әскери бөлімінің тәрбие жөніндегі орынбасары капитан Искаков Серік Байжанұлы құттықтады. Салтанатты жиында тәуелсіздік 30 жылдығына орай бірқатар Жас Сарбаздар мақтау қағаздарымен марапатталса, Онлайн-форматтағы «Айбын» VII Республикалық әскери-патриоттық жастар жиынында «Жас Сарбаз-жас тілшісі» жас тілшілер медиа-байқауы бойынша
Үздік көрінгені үшін Сахабаев Бексултан Қазақстан Республикасы қарулы Күштері Бас Штаб бастығының орынбасары- тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің бастығы Генерал- майор С.Борамбаевтың дипломымен марапатталды.
Шара соңында концерттік бағдарлама болды.