11-сыныптың лидер және дарынды оқушылары

Дата: 2021-12-01 19:28:25

Балқаш қаласы білім бөлімі «№8 жалпы білім беретін мектебі» КММ-інде мектеп психологы З.Абдуалиева 11-сыныптың лидер және дарынды оқушыларымен жекелей сауалнама жүргізді. Оқушылардың таңдаған мамандығы қаншалықты бейімділігіне сәйкес келетіндігін анықтау мақсатында «Қызығушылық картасын» жүргізіп, шыққан қорытынды бойынша кеңес берді. Соңынан  «Қар қиыршығы», «Мен- ғажаппын!», «Жүйрік ой» т.б психологиялық жаттығу жүргізілді. Оқушылар өз ойларын ортаға салып, қызығушылықпен қатысты.