“Сана” дебат клубы

Дата: 2021-11-28 20:13:04

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерекелеріне арналған қалалық пікірсайыс турнирі #2 мектеп лицейі “Сана” дебат клубының ұйымдастыруымен болып өтті. Оқушылар мен студенттер арасында пікірсайыс қозғалысын дамыту, насихаттау және қолдау мақсатында өткен бұл сайысқа мектебіміздің атынан Үкібай Ақерке мен Жанбырбай Нұрдаулет қатысып, жүлделі 2-орын мен “Ақтеңіз” орталығына бір айға тегін жолдама иеленді. Оқушыларымызды шын жүректен құттықтаймыз!