«Жабайы алма»

Дата: 2021-10-28 12:52:31

    18.10.2021 жылы мектеп кітапханашылары қазақ жазушысы Сайын Мұратбековтың туғанына 85 жыл толуына орай оқушыларды көркем әдебиетке қызығушылықтарын арттыру,жазушының өмірбаяны және шығармаларымен таныстыра отырып адал достыққа, оқушылар бойына ер мінезділікті қалыптастыру,  төзімділікке  тәрбиелеу мақсатында 6-сынып оқушыларының қатысуымен «Жабайы алма» кітабын оқу сағатын  ұйымдастырды.

      Кітапханашы З.Шайбекова слайд-шоу көрсете отырып жазушының өмірбаянына тоқталып,шығармаларына шолу жасады. Сонымен қатар «Жабайы алма» кітабына тоқталып,  соғыс жылдарындағы ауыл тіршілігі мен

 балалар тағдырына, шығармадағы кейіпкерлерге мінездеме бере отырып  әңгіменің мазмұнынына талдау жасады.Әңгімеден үзінді оқи отырып, шығарманың идеясын,көркемдік ерекшелігін аша түсті.

     Оқушылар «Жабайы алма» кітабының мазмұнын жарыса айтып, өз ойларымен бөлісіп, осы іс-шараға белсенділікпен қатысып отырды.