«Жас Ұлан» ұйымына Ұланбасын сайлау туралы ақпарат

Дата: 2014-10-15 10:40:42
 «Жас Ұлан» ұйымына Ұланбасын сайлау туралы ақпарат

ЖББ №8 орта мектебінің  «Жас Ұлан» ұйымына Ұланбасын сайлау туралы ақпарат

        26.09.2014ж. күні сағат 09:00-ден 12:00-ге дейін «Жас Ұлан» ұйымының Ұланбасы сайлауы өткізілді. Ұланбасыға үміткерлер 8В сынып оқушысы Нурмуханов Арсен, 8А сынып оқушысы Мұхамеджанова Мақпал және 9Г сынып оқушысы Бегімбаева Назерке болды. Үміткерлер алдын ала өздерінің бағдарламаларын сап жиынында ұсынды. Әр сыныптарға кіріп, үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді. Сайлаудың камиссия мүшелері директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Алпысбаева А.С, Мейрам Таңшолпан, аға тәлімгер Булендинова Айсара сайлаудың шынайы өтілуін бақылап отырды. Сайлау сағат 09:00 де басталды. «Ұланбасын» сайлауға 8-11 сынып оқушылары түгелдей қатысты. 12:00 де сайлау тоқтатылды. 12:30 да комиссия мүшелері сайлау жәшігін ашты. Бюллетеньдердің қорытындысы бойынша Бегімбаева Назерке 49 пайыз, Нурмуханов Арсен 31 пайыз, Мұхамеджанова Мақпал 20 пайыз дауыс жинады.  Сайлау қорытындысы  бойынша «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының 2014-2015 оқу жылына Ұланбасы болып 9Г сынып оқушысы Бегімбаева Назерке сайланды. Сайлау қорытындысы хабарландыру тақтасына ілінді.