«Балалар маслихатына кандидаттарды» сайлау

Дата: 2014-10-15 10:39:01
 «Балалар маслихатына кандидаттарды» сайлау

Жалпы білім беретін №8 орта мектебінің «Балалар маслихатына кандидаттарды» сайлау бойынша ақпар

        15.09.2014ж. күні ЖЖБ №8 орта мектебінің «Балалар маслихаты» депутаты мен «Өзін-өзі басқару» ұйымы президенті кандидаттарының сайлауы өтті. Сайлау комиссия мүшелері директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мейрам Таңшолпан Талғатқызы, мектеп психологы Тажикеева М.Н. және аға тәлімгер Булендинова Айсара Мейргалимовна тағайындалды. Сайлауда 6 үміткер өз бағдаламаларын ұсынып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Жагуфарова Ботакөз Марленқызы 9Б сыныбы, Жүзбай Бөкейхан Ерғазыұлы 9Б сыныбы, Амангелді Рамиль 9Г сыныбы, Жеңіс Дәуірхан Темірханұлы 10А сыныбы,  Рахмет  Гүлажар 10А сыныбы, Бегімбаева Назерке Талғатқызы  9Г сынып оқушылары болды. Сайлауға 8-11 сынып оқушылары түгелдей қатысты. Сайлаудың қорытындысы сайлау комиссиясының алдында ашылып саналды. Сайлаудың қорытындысы бойынша 9Б сынып оқушысы Жагуфарова Ботагөз Марленқызы 39% дауыс жинап «өзін-өзі басқару» ұйымының президенті болып сайланды. Сонымен қатар «Балалар маслихаты» депутатына 38% дауыс жинап Жүзбай Бөкейхан сайланды. Сайлау қызықты әрі әділ өтті.

 

 

Аға тәлімгер:                       Булендинова А.М.