«Рухани жаңғыру»

Дата: 2021-03-19 14:01:42
Наурыз мейрамы - бұл көктем мен еңбектің мерекесі, күн мен түн теңесетін күн. Мейрам қазақтың салт -дәстүрін ұлықтайтын ұлы мереке. Соның бірі ұлт тәрбиесіне ықпал ететін ұлттық ойындар. Халқымыздың тарихи – мәдени мұраларының түрлері сан алуан. Осындай аса құнды, мәдени игіліктердің бірі – қазақтың ұлттық ойындары. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында мәдени және рухани құндылықтарды, ұлттық кодты сақтау, ұлттық ойындарды дәріптеу бүгінгі күннің мақсаты.
Балқаш қаласы жалпы білім беретін №8 мектебінде Наурыз мейрамы қарсаңында 19-наурыз «Шымырлық пен шеберлік» күніне байланысты ұлттық ойындар байқауы өткізілді.
Мектебіміздің ата-аналары атынан 3В сынып оқушысының анасы М.Жакупова мен қалалық Әділет бөлімінің басшысы Р.М.Карибаева мерекелік құттықтауларын қашықтықтан жолдады.
https://www.facebook.com/100024446897564/videos/946708696154018